Бейсенбі, 17 Қазан 2019 16:23

Шымкент: "Тұранға" қоғамдық көлік жүре бастады

Шымкент қаласының әкімі уәдесінде тұрды! Шымкенттегі "Тұран" мөлтекауданының тұрғындары осылай деп, қуанып отыр. Осыдан небәрі екі күн бұрын Ерлан Айтаханов тұрғындармен кездесіп, осы маңға қоғамдық көлік жүргізіп беруге уағдаласқан еді. Қала басшысы сөзінде тұрып, бүгін 171-ші бағыттағы автобус жолаушы тасымалдауды бастап кетті.

"Тұран" мөлтекауданындағы «Әдия» тұрғынүй кешеніне жұрт өткен жылдың көктемінде қоныстанған. Арада біраз уақыт өтсе де әлі күнге дейін  қоғамдық көлік мәселесі шешілмеген-ді. Мөлтекауданға арнайы барған қала әкіміне шағынауданың халқы қоғамдық көлік мәселесін қағажу көріп отырғандарын айтқан болатын. Шаһар басшысы  бұл мәселені шешуге уәде   еткен-ді. Енді міне, аталған шағынаудандарға №171 бағытта жаңа автобустар жүруде. Тұрғындар мәселені жедел шешкені үшін қала әкімі Ерлан Қуанышұлына   алғыстарын  айтуда.

Автобустың жиілігі 5-10 минут аралығында. Әзірге 5 көлік қатынауда. Тұрғындар өтінішіне сай алдағы уақытта тағы да қоғамдық көлік қосылмақ.Қазір қалада бірнеше бағыттар бойынша жаңа автобустар жолаушылар тасымалдауда. Әлеуметтік маңызды 10 бағытқа жаңа қоғамдық көліктер жүре бастады. №171-ші автобус солардың бірі. Қала басшысының берген  уәдесінде тұрып, мәселені шешкені   – халықтың әкімге деген сенімін арттырып отыр. Бұл өз кезегінде билікпен арадағы  байланысты одан әрі нығайта түсері  анық.  

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 581 рет