Бейсенбі, 17 Қазан 2019 17:43

Шымкент: Адырбеков көшесінің жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде

Ұзындығы 4 шақырымға созылған Шымкенттегі Адырбеков көшесін жөндеу үшін бюджеттен 1 млрд. тенгеден астам қаражат қаралған. Мердігерлер бүгінгі таңда сол қаржының 400 млн. тенгесін игердік дейді. Құрылыстың қарқынды жүруіне жер асты коммуникациялық желі қолбайлау болып тұр екен.

Құрылыс үстіміздегі жылдың наурыз айында басталған. Жол құрылысы жүріп жатқандықтан қазылған шұңқырлар көлік тізгіндегендер мен жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруын едәуір қиындықтар туғызып отырғаны жасырын емес. Ал жол жөндеуге тапсырыс берушілер құрылыс кестеге сай жүргізіліп жатыр дейді.

Мұнда алғаш 600 метр жылу құбыры алмастырылған. Енді «Қазақтелекомның» желілері алынуы керек. Осы жұмыстар аяқталса жол жөндеуге міндетті компания биылға жоспарланған жұмысымызды аяқтай аламыз дейді. Жалпы бұл көшенің құрылысы 5 кезеңге бөлінген. Келесі жылы да жалғасады дейді сала мамандары.

Сапар Қалқаманов, мердігер компания өкілі: «Біз қазір жолдың жиегін қазып карита жасап жатырмыз. Сонымен биылға жоспарлаған жұмысты аяқтаймыз» - дейді. Адырбеков көшесіндегі жол құрылысы кезінде 400-ден астам тал-дарақтар кесілген. Мердігер мекеме құрылыс аяқталған соң сол ағаштардың орнына көшет отырғызуға міндетті.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 567 рет