Бейсенбі, 17 Қазан 2019 21:14

Шымкентте 3 мың көпбалалы ана кәсіби біліктілігін арттырған

Шымкентте «Отбасы жарасымдылығы »жобасы негізінде үш мың көпбалалы ана кәсіби біліктілігін арттырды. Олар аспаз, тігінші шаштараз және тағы басқа мамандық иесі атанған. Тіпті кейбірі өз бизнесін ашып үлгерген. Бұл туралы Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының есебінде айтылды.

Оған қоса жаңадан құрылған Отбасы кеңесі мүшелерінің жүйелі жұмысының нәтижесінде биыл ажырасу фактісі азайған, деп отыр. Қала аумағындағы балалар үйін отбасы үлгісіндегі басапаналарға трансформациялау мәселесі қолға алынған. Қазір бұл бағытта құжаттар әзірленуде. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 46 бала мемлекеттік грант негізінде білім алуда. Ал, үш мыңға жуық жасөспірім спорт  мекемелеріне тегін  барады.

Былтыр «Самғау сенім орталығының» көмегіне 227 адам жүгінген. Мекеме тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасының құрбандарына әлеуметттік көмек көрсетеді. Биыл мамандар шілде айына дейін 111 азаматқа арнаулы жәрдем берген. Жыл басынан бері Шымкентте 4392 жұп шаңырақ құруға өтініш берген.  Ал, ажырасқандар саны - 1689. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмен.  Оған жаңадан құрылған «Отбасы кеңесінің көп көмегі тиді дейді мамандар.  

«3500-ге жуық отбасы жұмыспен қамтылды. Жоғарыда айтқан кеңестер, психологиялық кеңес, консултация, мемлекеттік бағдарламаларға жіктелді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында арнайы заң дайындалып жатыр. Сол заңға біз өз ұсынысымызды білдіретін боламыз» - дейдіОтбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев. Елбасы тапсырмасына сәйкес, Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы 1000 жас маман уақытша жалдамалы пәтерлерге ие болады.  Осыған орай, 304 баспананың құрылысы жүріп жатыр. Бұл мақсатта қазынадан 6,4 млрд. теңге бөлінген. Қалған 600-ге жуық пәтер тұрғын үй басқармасымен келісе сатып алынады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 648 рет