Бейсенбі, 17 Қазан 2019 22:09

Шымкент: «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдау өткізді

Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев және қалалық мәслихаттың хатшысы Ғ.Ташқараев «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады. Атап айтсақ, қабылдауға келген азаматтарды жер, тұрғын үй, әлеуметтік мәселелер, сонымен қатар заңнаманың сақталу мәселелері толғандырған. Тиісінше, қабылдау барысында азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, бірқатар мәселелері сол жерде шешімін тапса, кейбіреулері Департамент пен Мәслихат хатшысы тарапынан бақылауға алынды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру қажеттігі туралы атап өткен. Осы орайда, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшылығы күн сайын азаматтарды қабылдауда.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 533 рет