Жұма, 18 Қазан 2019 14:23

Шымкентте «Ел тірегі» акциясы аясында ашық есік күні өткізілді

Шымкенттік 400 оқушы әскери тіршіліктің тынысымен танысты. Мұндай мүмкіндікті 35748 әскери бөлімі ұсынды. Оқушылар әскери киімдерден бастап, қару-жарақтың түрімен танысып қана қоймай, казармаларды да аралап шықты. Әскери өмірдің ішкі жұмыстарын көрсеткен ашық есік оқушыларға ұнады.

Сымбат Адасқан – Төлеби ауданындағы Момынай жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушысы. Алғашқы әскери дайындық сабағында белсенді шәкірт өмірін әскери салаға арнағысы келеді. Бүгінгі шара оның осы арманының көп көзіне көріне бермейтін тұстарымен танысуға мүмкіндік берді. Бұл шараны 35748 әскери бөлімі дәстүрлі түрде ұйымдастырады. Осылайша, шымкенттік 400 оқушы сарбаздардың әскери өмірімен жақыннан танысты. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб тәрбиленушілері мектеп оқушыларына бөлімдегі 9 оқу-жаттығу түрінің қыр-сырын түсіндірді.

Балалар әскери киім үлілерімен қатар қару-жарақ, байланыс құралдарын ұстап көріп, сарбаздар жататын казармаларды да аралап шықты. «Ел тірегі » акциясы аясында өткізілген ашық есіктің басты мақсаты — жасөспірімдерде патриоттық рух ояту. Әскери бөлімнің іргесіне жиналған болашақ отан қорғаушылар іс-шараның соңында ардагерлер кеңесінің төрағасы және қорғаныс істер жөніндегі департамент қызметкерлерімен сұхбаттасып, көкейінде жүрген әскерге қатысты сауалдарына жауап алды. Патриоттық тақырыптағы бейнефильм ашық есік күнінің нүктесін қойды.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

 

Оқылды 543 рет