Жұма, 18 Қазан 2019 17:24

Шымкент: салық мамандары электронды сауда жасаудағы жеңілдіктерді түсіндірді

Салық кодексінде интернет арқылы тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығына жаңа жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы Шымкент қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлама жасады.

Аталған ақпаратқа сүйенсек, ол жеңілдіктер мынандай шарттарды сақтаған кезде: • тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электрондық нысанда жүзеге асырылса; • тауарлар үшін ақы төлеу қолма-қол емес төлеммен жүргізілсе; • тауарларды сатып алушыға (алушыға) жеткізетін өз қызметі болса, не жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, курьерлік немесе пошталық қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен келісім-шарттары болған жағдайда; • аталған жеңілдіктер тауарлармен электрондық сауданы жүзеге асырудан түсетін кірістер жылдық жиынтық кірістің кемінде 90%-ын құраған жағдайда қолданылады.

Егер, осы шарттар сақталмаса, салық төлеуші аталған жеңілдіктерді қолдана алмайды. Сондай-ақ, жеңілдіктерді пайдалану үшін, тауарлармен электрондық сауда жасайтын тұлға, бірінші кезекте дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеу есебіне тұруы қажет және жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны мемлекеттік кірістер органдарына жолдауы тиіс. Сонымен қатар, тауарлармен электрондық сауда кезінде тауарларды жөнелту, тасымалдау мен жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалар салық органының сұрау салуы бойынша мәліметтерді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, көрсетілген мерзімдерде және нысан бойынша ұсынады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 534 рет