Жұма, 18 Қазан 2019 18:08

Шымкенттік жүргізушілердің мамандандырылған ХҚКО-да емтихан тапсыруға мүмкіндігі бар

Автоәуесқойлар жол қозғалысының теориясы бойынша алдын ала тестілеу емтиханын мамандандырылған ХҚКО-да тапсыра алады. Жыл басынан бері үш мыңға жуық шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімін арттырған.

Енді әрбір үміткер емтихан тапсырар алдында өз білімін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында ақылы түрде тексере алады. Авто ХҚКО-ның практикалық автодромы аптаның алты күнінде де жұмыс істейді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабековтің айтуынша, үміткер бірінші рет жүргізуші күәлігін алу үшін екі емтихан тапсыру қажет. Біріншісі – теориялық емтихан, ол 40 сұрақтан тұрады, алпрактикалық емтиханды автодромда тапсырады.

Жүргізуші куәлігін алуды қалайтындар үшін 3 ретке дейін емтихан тапсыруға мүмкіндік беріледі. Егер үшеуінен де сәтсіз өтсе, келесі емтиханды тек алты айдан кейін тапсыруға болады. Естеріңізге салайық, бүгінде жүргізуші куәлігін алғаш алатындардан автомектепте оқығаны туралы куәлік талап етілмейді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы бойынша 3 мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді. Ақылы негізде көрсетілетін қызметті Достық шағынауданында орналасқан мамандандырылған ХҚКО-да тапсыруға болады. Жылдың басынан бері 3 мыңға жуық шымкенттік автоматтандырылған автодромда автокөлік жүргізу қызметтерін пайдаланған. Сонымен қатар жыл басынан бері 31 мыңнан астам жүргізуші куәлігі беріліп, 218 мыңға жуық автокөлік тіркелді.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Оқылды 586 рет