Жұма, 25 Қазан 2019 14:00

Шымкент: Мемлекеттік грант иелері марапатталды

Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында белгіленген мемлекеттік 505 мың теңге грант иелері марапатталды. Жеңімпаздарды Шымкент қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Қуандықұлы Егембердиев арнайы құттықтады. 

Мемлекет «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағытын кәсіптік-техникалық мамандарды даярлауға ерекше ден қойды. Бағдарламаға кез келген жұмыссыз, кәсібін ашпақ ниеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Және де қысқа мерзімді (3 ай) кәсіптік оқыту курстарында 40 мамандық бойынша білім алады. Курсты оқып бітірген азаматтар арнайы сертификатпен мемлекеттік гранқа қатыса алады.

Аталған жобаға қатысушы жастарды тіркеу 2019 жылдың 1-4 қараша аралығында Халықты жұмыспен қамту орталығында жүргізіледі. Оған жасы 29 жасқа дейінгі жастар және көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар қатыса алады. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Нұрсәт шағынауданы, С.Бәйтереков көшесі №89 үй.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 1099 рет