Басқосуда сот төрағасы «Қоғамдағы әкенің рөлі» тақырыбында баяндама жасап, әкенің отбасындағы орны ерекше екенін атап өтті. «Отбасының ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы аса маңызды. «Әке - асқар тау, ана - баурайындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деп бекер айтылмаса керек. Себебі, әке - отбасының тірегі»,- деді Т.Машрапов. Сот төрағасы сонымен қатар әр мекемеде 2020 жылдың наурыз айына дейін отбасылық байқау өткізіп, сол байқау жеңімпаздарының арасында «Бақытты отбасы» қорытынды конкурсын өткізуді ұсынды. Бұл ұсыныс аудандағы әкелер тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Осыған орай кездесуде Сарыағаш ауданының бас имамы Т.Төлебеков шариғатта әкенің рөлі қандай екенін, әкенің отбасындағы маңызын түсіндіріп өтті. Іс шара соңында аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов жиынды қорытындылап, әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы бала үшін үлгі-өнеге екенін, соған қарап өсетін нысанасы екенін атап өтті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.