Бейсенбі, 14 Қараша 2019 17:00

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданындағы қос ауылға табиғи газ жетті

Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе мен Тұрбат ауылдарына табиғи газ жеткізіліп, ауыл тұрғындары «көгілдір отынның» шарапатына қол жеткізді. 

Осыған байланысты Тұрбат ауылындағы салтанатты жиынға аудан әкімі Төлеген Телғараев арнайы ат басын бұрып, тұрғындардың қуанышына ортақтасып, құттықтады. Атап өтер жайт, бүгінде аудан көлемінде табиғи газ жүргізілген 47 елді мекеннің 41 елді мекеніндегі тұрғындар табиғи газды пайдаланып, қамту деңгейі 64 пайызды құрап отыр.

Аудан басшысы жиналған зиялы қауым алдында сөз алып: «Әрбір отбасының берекесі, жылуы – ошағы. Тұтас екі ауылдың ошағында жанған «көгілдір отын» әрбір отбасға жылылық сыйлап, ертеңгі күнге деген сенімдерін еселей түсері сөзсіз. Қазір еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ауылды көркейту, ауыз сумен қамту, «көгілдір отын» жеткізу, халықтың әл-ауқатын арттыру – қазіргі күннің басты міндеттері» - деді.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 976 рет