Жұма, 13 Наурыз 2020 15:03

Түркістандағы сәулеті ерекше мешіт қыркүйек айында пайдалануға беріледі

 

Түркістан қаласының әкімі Рашид Абатұлы облыс әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовпен бірге әкімшілік-іскерлік орталықтағы жалпы сыйымдылығы 9000 адамдық мешіттің құрылысын бақылады.

 Мешітте жертөлемен қатар, ыстық су, жылу, жарық қарастырылады. Футбол, баскетбол, волейбол алаңшалары салынып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік болады. Жалпы аумағы 21 га құрайтын мешітте 200 адамдық ұлдар және 200 адамдық қыздар медресесі салынады. Жатақхана, бастырмалар мен автотұрақ және күзет те қызмет етеді. 2020 жылдың қаңтарында құрылысы басталған мешіт осы жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілсе, медреселер мен спорттық алаңшалар толықтай 2021 жылы аяқталады деп күтілуде.

Айта кетейік, желтоқсан айында қолға алынған жаңа жоба жан-жақты зерделенген. Әлем елдеріндегі озық тәжірибелер де ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген. Діни ғимарат Ұлы Жібек жолы бойы мен көне шаһарға келетін туристердің қызығушылығын арттыратын тағы бір үлкен нысан болады деп күтілуде.

 

Оқылды 543 рет