«Атаулы әлеуметтік көмектің шарапаты мол болды. Бала-шағамыздың несібесіне үкімет қарасып, мол қаржы берді. Соның шашауын шығармай, күйеуім екеуміз жеке кәсіп ашуды ойластырдық. Бүгінде тұрмысымыз жақсы, табысымыз да жыл санап молайып келеді. Ендігі арманым – құс шаруашылығын ұлғайтып, құс басын 500 данаға жеткізу», – дейді Әйгерім Әлімбекова.
Абай ауылында бөдене жұмыртқасына сұраныс мол екен. Әсіресе, базардағы сауда дүкендері мен асханалар тапсырысты көп беретін көрінеді. Бірақ, Ә.Әлімбекова құс өсірудің өзіндік қиындықтары бар екенін де жасырмады. Арнайы тауық қораның да қажеттілігі туындапты. Алдағы уақытта ол арнайы үй ауласынан арнайы қора салып, құс санын 1000-ға жеткіземін деп отыр.