Бейсенбі, 12 Наурыз 2020 21:38

Мақтааралда «Қамқорлық» бағдарламасы аясында бір отбасы баспаналы болды

 

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында «Қамқорлық» бағдарламасы аясында бір отбасы баспаналы болды. Атакент кентінің тұрғыны, әрі екі баланың анасы, мүмкіндігі шектеулі анасының қараушысы Бағнұр Алтынбекова осылайша қуанышқа кенелді.

 Тұрғын үйдің кілті Мақтаарал аудандық «Қазақстан ардагерлері» қоғамдық ұйымының «Мақтаарал баспана» қоғамдық қоры демеушілігімен тапсырылды. Осы күнге дейін баспана тауқыметін тартып келген отбасы жаны жомарт жандарға алғысын білдірді. Айта кетейік, бүгінде өңірде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтың тапсырмасымен және «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының үйлестіруімен жүзеге асып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасына тұрғындар дән риза. Мәселен, Мақтаарал ауданы бойынша 115 отбасы тізімге алынған және оларға көмек көрсетіліп жатыр. Бағдарлама аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету іс-шаралары әлі де жалғасын табатын болады.

   Айта кетейік,«Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы арқылы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмыс тауқыметін тартқан мұндай отбасыларға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Олармен аудан, ауыл әкімдері тікелей жұмыс жүзгізеді. Сонымен қатар, тұрмыста таршылық көріп жүрген жандарға жергілікті қазынадан ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшеріндегі қаражат бөлініп, ол отбасының еңбекке қауқары бар мүшелері жұмысқа тартылады. 

 

Оқылды 577 рет