«Бүгінде Шардара ауданына жұмыртқа сырт аудан, қалалардан тасымалданады. Тіпті еліміздің өзге облыстарынан әкелінеді. Яғни сұраныс мол. Бізге осы жайт ой салып, жұмыртқа өндіру бағытында жеке бизнесімізді бастап көрмекке ниеттендік. Міне, былтыр 5 мың тауық әкелсек, алдағы шілде айында оның қатарын 10 мың басқа жеткізсек деп отырмыз» ,- дейді «Жаушықұм-құс» серіктестігінің басшысы Құралбек ДүйсебаевКәсіпкер жігіт дәл осындай тауық фермасын көрші Арыс қаласының Ақдала ауылында да салып жатыр. Қазір бұл ферманың құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Енді бірер айда 10 мың бастық тауық фермасы Арыс қаласынан да іске қосылады.