2020 жылғы құрылыс, жөндеу жұмыстарының маусымы басталып кетті. Мәселен Шардара ауданының «Шардара-Арыс» бағытындағы 111 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолында жөндеу жұмыстары қызу жүруде. Оның «Арнасай-Қазақстан» ауылдары аралығындағы 70 шақырымы орташа жөндеуден өтіп, тамыз айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ал «Қазақстан-Достық» ауылдары арасындағы 41 шақырымы күрделі жөндеуден өтіп, оның жұмыстары 2021 жылға өтпелі. Сонымен қатар, «Шардара-Арыс» бағытындағы 47-70 шақырым аралығында жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде.
Сондай-ақ, "Қазақстан-Достық" ауылдары аралығындағы жолда жобаға сәйкес, 6 көпірге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда жұмыстар басталып, қарқынды жүруде.