Сайрамда ауданы əкімінің орынбасары Бахадир Олжаевтың жетекшілігімен кəсіпкерлік бөлімі барлық кəсіпорын басшыларының назарына сауда-саттық саласындағы жұмыс уақытын өзгертуді, ойын-сауық орталықтарының өз ісін уақытша тоқтатуын жəне азық-түлік сату барысындағы тəртіпті түсіндіру жұмыстарын бастап, оның орындалуын пысықтады.
Сондай-ақ ауданында тасымалдаушы мекемелер тарапынан қоғамдық көліктерге санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіле бастады. Аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қоғамдық көлік тазалығын кестеге сəйкес бақылауға алды.
Айта кетейік, Сайрам ауданы Ақсукент ауыл окургінің орталығында бір ғана «Ақсу» автобекеті орналасқан. Жалпы, 33 бағытта жолушыларды тасымалдау қызметі ұйымдастырылған. Оның 10 бағыты - облысаралық, 23-і ауданішілік.