Сондай-ақ бақылау барысында ұн, макарон, шекердің бағалары едәуір қымбаттағаны белгілі болды. Бұл жөнінде түсіндірме жұмыстары жасалып, қымбаттау себебін білу үшін монополияға қарсы органдардың филиалына жолданып, тиісінше шаралар қолданылу көзделіп отыр.
Қоғамдық орындағы тауарларды арнайы пакеттерге салып сатылуы жөнінде сатушыларға ескерту жасалып, талаптарға сай жұмыс жасау керектігі қатаң түрде тапсырылды. Дәріханаларда бетперделердің (маскалардың) тапшылығына байланысты өндіруші кәсіпорындармен байланыс жасалып, мүмкіндіктер қарастырылып жатыр.
Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалының ұйымдастыруымен де қала аумағындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағаларына тұрақтылықты сақтау мақсатында құрылған жұмысшы топ мүшелері рейдтік шараларын жүргізді. Жұмысшы топ құрамында «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Темірбаев, қалалық мәслихат депутаты М.Қорғанбаев, қалалық бизнесті қолдау және туризм бөлімінің мамандары және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.