Сәбилердің барлығы - ұл. Олардың есімдерін Али, Усман, Умар деп қойған. Үш батырды Этибор Қадирова облыстық №1 перинаталды орталықта босанған. Шақалақтар 1700, 1700 және 1800 грамм салмақпен дүниеге келді. Денсаулықтары қалыпты. Үшемдердің әкеесі, отағасы Қадиров Азамат диқаншылықпен айналысады. Ауылдағы отбасылық 1,5 га жерге егін егіп, шаруашылықты кәсіп еткен.
Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев жаңалықтан хабардар боласалысымен үшемдердің жағдайымен арнайы танысуға барды. Көпбалалы ана атанған Этиборға сыйлықтарын табыстаду.
Айта кету керек, бұл жайт, Келес ауданы құрылғалы дүние есігін ашқан - үшінші үшем. Аудан әкімі үшемдерге медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін қадағалауды ауыл әкіміне тапсырды. Сондай-ақ, әлеуметтік жағдайы бойынша мәселелер туындаса көмек көрсетілетінін жеткізді.