Сенбі, 14 Наурыз 2020 11:18

Келес ауданында "Қамқорлық" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қоларба берілді

 

Түркістан облысы Келес ауданында «Қамқорлық» жобасы кең көлемде жүзеге асуда. Ауданда көмекке мұқтаж 178 отбасы анықталып, оларға жан-жақты көмек көрсетілуде.

Аудан әкімі Ақментай Есбаевтың тапсырмасына сәйкес, әр отбасына жауапты куратор бекітілген. Аталған жоба аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау шаралары жүргізілуде. Мәселен, Ақтөбе ауылдық округінің тұрғыны ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Нұрғали Қалибековке «Несібе-Нұр» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің демеушілік жасап, қоларба сыйға берілді. Сонымен қатар, аталған бірлестік тарапынан Абай ауылының тұрғыны көпбалалы отбасыдан шыққан, І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Мұрат Тәжібаевқа да қоларба тапсырылды.

Аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаев пен ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Г.Құралбаева аталған отбасыларға арнайы барып, қал-жағдайымен танысты. Осы отбасыларға демеушілер тарапынан алдағы уақытта әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетінін жеткізді. Айта кетейік, өткен жылы мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында 61 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тарапынан қоларба алуға өтініш білідірген. Олардың барлығы толық қоларбамен қамтамасыз етіліп, мүмкіндігі шектеулі 440 азамат сауықтыру орындарына жолданған.

Оқылды 579 рет