Аталған рейдте көліктердің жол жүруін бақылаудың нақты талаптары мен шарттарына мән берілді. Сондай-ақ, автобустардың бағыты мен мемлекеттік нөмірі, келген уақыты мен GPS құрылғысының бар-жоғы тексерілді. Бейнебақылау камерасының орнатылғаны мен жүргізуші және кондуктор киім үлгісінің сәйкес келуі, салонында тариф туралы ақпарат парақтарының өлшемге сай келуі секілді ережелер басты назарға алынды. Тексеріс барысында аялдамалар бойынша бірнеше көлік қадағаланды. Саралай келе жоғарыдағы ережелерге сай нәтиже шығарылды. «Жеңіс саябағы» аялдамасы мен «Отырар» мөлтекауданы маңындағы аялдамалардан да уақытқа байланысты және басқа да кемшіліктер анықталды. Автобус күткен тұрғындар кей көліктердің қызмет көрсету сапасына көңілі толмайтынын жеткізді. Шараны ұйымдастырушы тарап көлік иелеріне ескерту жасап, жол ережесін сақтауды талап етті.