Мұнда аудан әкімдігіне қарасты бөлімдер мен аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері, ауданның ерікті азаматтары, қаладағы жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының еріктілері мыңға жуық түрлі ағаштардың көшеттерін отырғызды.
Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының экологоия, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев пен «NurOtan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев қатысты.
Министр бастаған облыс басшылары жетісайлықтармен кздесу барысында елдегі экологиялық жағдайды жақсарту мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында атқарылып жатқан ілкімді істердің барысымен таныстырып, Жетісай топырағына көшет отырғызды.
Белсенді азаматтардың демеушілігімен отырғызылған көшеттердің ішінде түрлі декоративті ағаштармен қатар шырша, қара ағаш, соболь, арша бар.