Сенбі, 14 Наурыз 2020 14:35

Төлеби ауданындағы жолдардың сапасы тексерілді

 

 

Төлеби аудан әкімдігінің бастамасымен Ленгір қаласында құрылысы жүріп жатқан жолдардың сапасы тексерілді. «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Шымкент филиалының мамандары арнайы шақыртылып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл тұралы Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Арнайы шақыртылған топтағы мамандар Ленгір қаласындағы құрылысы жүріп жатқан Төлеби, Ә.Бектаев, «Ленгір - Шахта-Тоғыс» бағытындағы жолдардан арнайы құралдың көмегімен ойық алып, сараптама жұмыстарын бастады. Қорытындысы белгілі болған соң тиісті шешім мердігер мекемелерге жолданатын болады.

Пайдалануға берілетін жолдардың сапасын бақылауда Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков, аудан әкімінің орынбасары Л.Серікбаев, «Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансеитов, аудандық мәслихат депутаттары Ә.Әміралиев, С.Құлмановжұмыстардың басы қасында болып, жұмыстың өз деңгейінде жүргізілуін қадағалады.

Аталмыш көшелерге құрылыс жұмыстары 2019 жылы құрылысы басталып 2020 жылы да жүргізілгендіктен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан әлі қабылданбаған.

 

 

Оқылды 529 рет