«Сарыағаш - жер сыйы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Т.Шынтасов пен аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары және облыстық кәсіпкерлер палатасы Сарыағаш аудандық филиалының директоры А.Мұсабеков қатысушыларға бірқатар түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қатысушылар қойған сұрақтар мен ұсыныстар тыңдалып, заң аясында толыққанды жауап берілді. Мемлекеттік бағдарламаның тұрғындарға ти гізер пайдасы мен тиімді тұстары баяндалды. Бағдарлама арқылы табысқа қол жеткізудің жолдары тарқатылды."Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 2017-2021 жылдарға арналған. Бағдарламаның екінші бағыты жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамти алмағандарды, қысқартылған жұмыскерлерді жергілікті атқарушы органдар анықтаған қажеттілікке сәйкес, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдыларғатегін оқытуды көздейді.