Еркін форматтағы бұл шараға қала аумағындағы белсенді жастар мен жастар орталығының мамандары қатысты. Үштілділік саясаттың озық мақсаттарын алға тартқан қонақтар бүгінгі буынға ағылшын тілін үйренудің қыр-сырын түсіндірді. Шеберлік сабағы барысында жас буын өкілдері шет тілін меңгеру алдымен өзіміз үшін, сосын еліміз үшін пайдасы мол деген түсінікте екендерін жеткізді.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген ұстанымда өткен жиын барысында жастар қонақтардан көкейде жүрген сұрақтарына жауап ала алды. Ұлты орыс болса да, қазақ тілін жетік меңгерген тіл маманы Оксана Лоскутова: «Қазақ тілінің тарихы мен сөздік қоры өте бай. Сырттан қарағанда қиын тіл болып көрінгенімен, үйренуге жеңіл, сөйлесуге жағымды тіл»,- деп өз ойын жеткізді.
Басқосудың соңы жастардың көңілді отырысымен аяқталды. Гитарамен ән салып, Абайдың әндерін шырқады. Түркістан облысының белсенді жастары тіл жанашырларымен өткен кездесуден соң, үлкен мотивация алып тарқасты