Сенбі, 14 Наурыз 2020 21:16

«Emerge x Turkistan» Халықаралық конференциясы стартапшыларға мол мүмкіндік береді

   

  Түркістанда 21-22 наурыз күндері  «EMERGExTURKISTAN» Халықаралық tech-конференциясы өтеді. Онда қатысушылар стартаптарға өз жобасын ұсынып, инвесторларды тартуға және 10 000 АҚШ долларын ұтып алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы облыс орталығында өткен аталмыш шараның ұйымдастырушылары берген баспасөз мәслихатында мәлім болды.

  Сондай-ақ, үздік деп танылған 5 стартап питч конкурсының жартылай финалына автоматты түрде өтіп, 2020 жылдың 1-2 маусымда Минскідегі Emerge жобасына EMERGE x TURKISTAN атынан қатысады.

   Атап айтсақ, жиынның Лондондағы ұйымдастырушысы Алина Безуглова мен Минскідегі ұйымдастырушысы Марго Лазаренково және «Serpin» білім және инновация ұлттық палатасының директоры Әкім Тұрсын рухани шаһарға келіп, БАҚ өкілдеріне іс-шараны тереңінен түсіндіріп,  маңыздылығына тоқталды.

  Ұйымдастырушылардың айтуынша EMERGE x TURKISTAN-ның басты мақсаты — жастар арасында дамып жатқан tech-хабты қолдау. Сол себепті де конференция ақысыз, бірақ арнайы шақыртумен өтеді. Ал, қатысушылар тізімінде болу үшін https://emergeconf.io/turkistan/kz сайты арқылы 12 наурызға дейін өтінім тастауға болады.

    Конференция нәтижесінде IT-мамандар индустриядағы соңғы трендтерден хабардар болып, өз байланысын кеңейтуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, танымал Microsoft, Samsung, Huawei, PicsArt, Google, Facebook, Amazon, Speaker Examples, Abbyy, Uber, Revolut, skyeng, MTS, Alibaba және басқа да компания өкілдерімен жүздеседі. Инвесторлар болса, сапалы жобалар мен кәсіби серіктестер табуына ықпал етеді.

Оқылды 572 рет