Жақында Түркістан қаласының тұрғыны жалғыз басты ана Данагүл Куженованың үйіне қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев арнайы барып, демеушілердің есебінен алынған тігін машинасын, үтік және өзге де қажетті құралдарды табыстады.
Данагүл Куженова үш айлық курсты оқып бітірген соң, өзінің қолынан келетін құрақ құрау, киім, белдемше сынды дүниелер жасауға зор құлшыныспен кірісуге уәде етті.
Айта кетейік, екі қыз тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана жалдамалы пәтерде тұрады.
«Қамқорлық» аймақтық бағдарламасы арқылы мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асады. Тұрмыс тауқыметін тартқан мұндай отбасыларға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы, кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Олармен аудан, ауыл әкімдері тікелей жұмыс жүзгізеді. Сонымен қатар, тұрмыста таршылық көріп жүрген жандарға жергілікті қазынадан ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшеріндегі қаражат бөлініп, ол отбасының еңбекке қауқары бар мүшелері жұмысқа тартылады.