Сенбі, 21 Наурыз 2020 20:51

Түркістан облысы әкімдігі жанынан ашылған call-орталық тәулік бойы жұмыс істейді

 

  Пандемияға байланысты мемлекет басшысы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанда төтенше жағдай енгізіп, барлық сақтық шараларын ұйымдастыру жұмыстары мемлекет тарапынан жүргізілуде.

 Бүгінгі күннің өзекті мәселесі коронавирус инфекциясының біздің елде белең алуына жол бермей, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр.

Осыған байланысты Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастырумен тұрғындардың сауалдарыңызға шұғыл жауап беру үшін арнайы Call–орталық ашылуда.

   Орталық төтенше жағдайда туындаған сауалдарға жауап беретін болады.

Арнайы іске қосылған Call – орталық 109 нөмірі арқылы тәулік бойы 24/7 форматта қоңыраулар қабылдайтын болады.

    Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында https://turkestancovid19-agritech.hub.arcgis.com/ ақпараттық парақшасы ашылған.

Парақшада коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша пайдалы ақпараттар мен өңірде  инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан мәліметтермен таныс бола аласыздар.

Қазақстан бойынша да коронавирус туралы жедел әрі сенімді мәліметтермен ақпараттандыру мақсатында Ресми сайт іске қосылды.  Сайттың іске қосылғаны туралы Facebook аккаунтында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев хабарлады.

   Министр әлеуметтік парақшасында  https://www.coronavirus2020.kz/ ресми сайтында төтенше жағдай бойынша карантин кезіндегі тәртіп ережелері, мемлекеттің коронавирусқа қарсы жасап жатқан шаралары мен желіде тараған жалған ақпаратты теріске шығару және басқа да өзекті ақпараттар жарияланатынын жазған.  

Оқылды 732 рет