"Абай" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен «Jas Otan» жастар қанаты мүшелері мен аудан еріктілері 10 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.
Акция барысында, «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының төрағасы Есбаев Ақментай Үсенұлы, төрағаның бірінші орынбасары А.Жұмабеков және "Абай" бастауыш партия ұйымының төрағасы Е.Абдирахимов Абай ауылындағы тұрмысы төмен отбасыларының шаңырақтарына барып "Наурыз" мерекесімен құттықтап, індеттен сақтану құралдары мен бірінші кезектегі қажетті азық-түлік өнімдері, атап айтқанда әр отбасына сабын түрлері, ылғалды майлықтар, антисептиктер, медициналық бетперделер сонымен қатар, макарон өнімдері, қарақұмық, күріш, қант, құры шай, ас тұзы, печенье және өсімдік майы салынған себеттер табыстады.
Аудан тұрғындары өз кезегінде қиын кезеңде демеушілік жасаған жүрегі жылы азаматтарға алғыс білдірді.
