Бүгінгі таңда Келес ауданының әкімшілік шекарасына бекет қойылған. Аудан әкімі Ақментай Есбаев бүгін блок бекетке барып, жұмыс барысымен танысты. Ауданның әкімшілік шекарасына қойылған постқа аудандық полиция, аурухана және әкімшілік өкілдерінен құралған топ еліміздің басқа қалаларынан ауданымызға келуші азаматтарға тұрақты түрде ауданның әкімшілік шекарасынан тексеру жүргізуде.
Ыстығы 37 градустан асқандары облыс аумағына кіргізілмейді. Бірден ауруханаға жеткізіледі. «Себебі Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланғалы оңтүстікке ағылған жұрттың қарасы қалың. «Сондықтан мұның барлығы сақтық үшін жасалған шаралар» - дейді мамандар.
Жұмысшы топ жүргізушілердің өз еріктерімен тексеріліп жатқандықтарын айтады. Аудан басшысы ендігі кезекте ауданға кіріп, шығып жатқан үлкен жүк көліктерін тексеруден өткізуге аудандық полиция бөліміне тапсырма берді.
