Қаражат жинау Түркістан облысының мұқтаж тұрғындарына қорғаныс құралдарын, медициналық маскаларды, антисептикалық құралдарды, азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті заттарды таратуға бағытталған. Акция шеңберінде ҰОС ардагерлері, қарт адамдар, көп балалы отбасылар, жалғыз басты аналар, мүмкіндігі шектеулі адамдар көмек алады, сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген қаражатпен интернаттар, балалар үйлері мен ауруханалар қамтамасыз етіледі.
«Қамқорлық кеңесінің құрамына қоса отырып, бұл жұмысты біз бірге қолға алып отырмыз. Мұндағы мақсатымыз – өңірдегі барлық кәсіпкерге, кәсіпорынға, демеушіге үндеу жасау арқылы бастама көтеру. Осы тиісті отбасыларға, азаматтарға қажетті азық-түлік пен медициналық құрал-жабдықтармен қамту болып табылады», -дейді Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасы, "Nur Otan" партиясының Төрағасы Н. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде коронавирус пандемиясымен күресу және алдын алу үшін мұқтаждарды бірінші қажеттіліктегі заттармен қамтамасыз ету бойынша "Біз біргеміз!" атаулы республикалық бірыңғай акция бастау алды.
