Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 12:19

Түркістан: 109 байланыс орталығына 2000-нан астам қоңырау түскен

   

Республика бойынша 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілгендігіне байланысты Түркістан облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы 24/7 форматында тәулік бойы қоңыраулар қабылдауда. 109 call-орталығы қазіргі уақытқа дейін облыс тұрғындарынан 2000-нан аса қоңыраулар қабылдаған.

 Байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдардың басым көпшілігі коронавирус пандемиясына қарсы жасалатын профилактикалық жұмыстарға, төтенше жағдайда еліміз бойынша қозғалу, әрекет ету, азық-түлік бағаларын білу, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесін анықтау, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүгедектерге берілетін мемлекеттік көмек туралы сауалдармен хабарласыпты. Жиналған барлық сауалдарды операторлар салалық құрылымдарға жолдап, дер кезінде жауап жолдауға жұмыс істеуде.

 Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында https://turkestancovid19-agritech.hub.arcgis.com/ ақпараттық парақшасы ашылған. Парақшада коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша пайдалы ақпараттар мен өңірде  инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан мәліметтермен таныс болуға болады.

 Сонымен қатар, облыс тұрғандарының мәселелерін жылдам шешу мақсатында, келіп түскен арыз-шағымдарды «Белсенді азамат» жобасына бағытталып отыр. Бұл портал арқылы түскен шағымдар өңделіп, тұрғындар өтініштеріне жедел жауап алады.

 

Оқылды 565 рет