Сондай шараның бірін волантерлар Түркістан қаласының кіреберсіндегі бақылау-өткізу бекетінде ұйымдастырды. Шара кезінде жастар қалаға келіп жатқан жолаушыларға тегін бетперделер таратып, азаматтарды сақтық шаралар қатаң сақтауға шақырды. Себебі, тек тазалық пен сақтық шараларын сақтау арқылы ғана індеттің таралуына тосқауыл қоюға болады. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қолға алынған шараларға түсіністік танытып, орындау арқылы да барлық қиындықтарды еңсеруге мүмкіндік бар.
Жолаушыларға тегін бетперде таратқан жастар осындай үндеулерді де айтып түсіндірме жұмыстарын да жүргізді. Облыстық жастар орталығы ұйытқы болған шара тек бір жермен шектелмеген. Орталық басшысының айтуынша мұндай шаралар өңірдегі көліктер көп жүретін бекеттерде біраздан бері ұйымдастырылуда.
«Бүгінгі күнге дейін еріктілердің күшімен 40 мыңға дейін маска тегін таратылды. Одан бөлек әлеуметтік әлеметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға да волатерлардың көмегімен көптеген жұмыс атқарылуда. Біздің еріктілер барлық шараларға дайын. Олар барлығына машықтанған», -дейді облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Амалбек Өміртай.
