Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 14:11

Түркістандық көпбалалы аналар көмек көрсетіп жатқан кәсіпкерлерге алғысын білдірді

  Түркістан өңірінде «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда. Түркістан облысында ел мүддесін көздеп, қолындағысын өзгемен бөлісуге даяр тұратын азаматтардың көп екені соңғы кездері байқалып жүр.

 Солардың бірі, һәм бірегейі – Қайрат Сүлейменов. Елбасы Үндеуін қолдап жомарттық танытқан  Түркістан облыстық мәслихаттың депутаты  «Біз біргеміз!» акциясы аясында өз қаражаты есебінен арнайы қорға 1 миллион теңге аударды. Сондай-ақ Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы бастамасымен ашылған әлеуметтік дүкенде жағдайы төмен отбасыларға тегін азық-түлік таратты.    Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек беру - әрбір адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі. Елдегі тыныштық пен мамыражай тіршілік арқасында кәсібін өркендеткен  азамат  жақсылық жасауды өзінің парызы санайды. Кәсіпкердің жомарттығына бұл жолы көп балалы аналар   алғысын   білдірді.

 «Қолдан келгенше әлеуметтің әлсіз тобын шаттыққа бөлеу, рухани демеу – сауаптың үлкені. Баланың тәтті ұйқысы мен риясыз күлкісі жан жадыратпай қоймайды», – дейді жомарт кәсіпкер.

 

Оқылды 592 рет