Сәрсенбі, 01 Сәуір 2020 14:34

Түркістан облысында «Біз біргеміз» акциясын қолдаған кәсіпкерлер көп

  Түркістан өңірінде «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда. Акция аясында Сайрам ауданы Әсіл ауылындағы аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік пакет таратылды.

  Қиналған  жандарға қол ұшын беруді  азаматтық парызы санаған жеке кәсіпкер Серік Ибадуллаев өзінің туған өлкесіне демеушілік жасағанды жөн санапты. Сөйтіп «Интертехсервис-ИТД» ЖШС бас директоры тұрмысы төмен 30 отбасыға әлеуметтік пакет дайындаған. Оған қоса 200  медициналық маска таратқан. Әлеуметтік пакетте медициналық маскалармен қатар  ұн, макарон, пісте май, қант, кір сабын сияқты  күнделікті қажетті тауарлар бар. Әсіл ауылының түрғыны, бірінші топтағы мүгедек Бейбіт Сәрсеновтің қайырымды жанға айтар алғысы шексіз.   

    «Сайрам ауданында 122  отбасы көмекке аса мұқтаждар тізіміне  енгізілген. Осы уақытқа дейін олардың барлығына әлеуметтік  пакет таратылды. Бұдан былай тағы екінші кезектегі  мұқтаждар  тізім жасақтаймыз», дейді  «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдіқадіров. 

Оқылды 621 рет