Шаруа осындай тиімді әдіспен 15 жылдан бері есік алдындағы жылыжайында көкөніс көшеттерін өндіріп келеді.
Желтоқсан айында егілген қауын мен кәдінің тұқымы қазір жапырақ жайып, жайқалып тұр. Жұпарбек отбасымен бірге күн сайын өскіндерді арам шөптен тазартып шығады. Суарады. Кешкісін көшетердің бетін арнайы материалмен қымтап кетеді. Күндіз қайта ашады. Осылайша жылыжай ішінде бірқалыпты температура сақталады.
«Арасы 20 сантиметр болады бір пленка мен екіншісінің арасы. Ал одан кейінгісі үстіне ультрасил дейтін материал бар. Сол кезде мынаның іші түнде 18, күндіз 25-30 градусқа дейін жылиды. 2007 жылы бізде 26 градус суық болды. Соған ды шыдады. Суық ұрмай аман шықтық», -дейді шаруа Жұпарбек Керімбекова.
Шаруа жылыжайды табиғи жолмен жылыту тәсілін өзбекстандық шаруалардан үйреніпті. Жылда егістігіне қажетті 200 мың түп көшетті өзі өндіреді. Жұпарбек жылыжайда өндірілген көшеттерді қазір егіс алқабына отырығызуда. Ерте егілген көкөністер мамыр айында пісіп жетіліп, өнімі жиналады. Жұпарбек жылыжай ісіндегі ерек тәжірибесін өзге шаруаларға да үйретуге бейілді. Тиімді тәсіл бұл саланы өрістетуге сеп жасамақ. Қазір Жетісай ауданында жылыжай көлемі 23 гектарға жеткен.
