Өйткені, ауылдың бірқатар ішкі жолдары жөнделіп, асфальт төселмек. Бұл ауыл халқына ерекше серпін беріп, үлкен сенім ұялатып отыр. Ақтас - батырлар ауылы . Өйткені бұл - батыр аналарының көптігімен даңқы шыққан ауыл. Ал одан бөлек мұнда ахал теке жылқылары да бағылып, алыс – жақын шетелдерге де кеңінен танымал болған шаруашылық еді. Алайда, заман ағымына сай түкпірдегі бұл ауылға өркениет кеш жетіп, жұрттың да еңсесі түскен кездері аз болмаған. Бүгінде ондай қиындықтар артта қалған. Соның айғағындай, қазір бірқатар ішкі көшелер күрделі жөндеуден өтуде.
«Қазір аулдағы бұл жұмыстармен «Асгард 2012» ЖШС айналысуда. Тиісті техникалар қазір көшелерді тегістеп, тас төсеуде. Ал бұл жұмыстар толық біткен кезде, асфальт төселмек»,-дейді, ауыл әкімі Ғалым Шәбдезім.
