Шаруаларға бұл қаражатты таратуға қаржыландыру операторы ретінде «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бекітілген. Қазір жер емген диқандар «Кең дала» бағдарламасы арқылы төмен пайызбен несиеге қол жеткізуде.
Мақтарал ауданында тұратын Әбжаппар Сыдықов 30 гектар жеріне мақта егеді. Шаруаның көктемнен бастап ала жаздай атқарған жұмысына отбасы да көмек береді. Қазір диқан дала жұмыстарының басы-қасында жүр. Мақталық алқапта жұмыс қызу.
Кең дала» бағдарламасымен алған жеңілдетілген несие қажетімізге жарап тұр. «Бұл жер емген диқанға үлкен қолдау», - дейді ол.
Көктемгі дала жұмыстары мен егін жинау науқаны үшін елімізде мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жеңілдетілген несие алған. Ал шаруалардан кредит өтінімдеріне құжаттарды Аграрлық несие корпорациясы өткен жылдың желтоқсан айынан бастап қабылдаған.
Диқандар үшін «Кең дала» бағдарламасы төмен пайызбен беріледі әрі сыйақы мөлшерлемесі 5%-тен аспайды. «Кең дала» бағдарламасы аясында қазірдің өзінде 29 млрд-тан астам теңге еліміздегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне таратылып берілген. Несиелеу жұмыстары өңірлерден өтінімдердің түсуіне қарай жүзеге асырылады дейді мамандар. Жыл соңына дейін «Аграрлық несие корпорациясы» 2 мыңнан астам шаруаға несие беруді жоспарлаған.
