Әлем болып арпалысып жатса да, «жаман індет» әлемдегі алпауыт елдерде күн санап өршіп тұрғанынын әр сағат сайын хабардар етіп жатыр. Аса жауапкершілікпен сақтық шараларын мұқият сақтау керектігі де қайта-қайта ескертіліп жатыр. Барлық жерлерде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Ауданның белсенді жастары мен еріктілері аудандағы көп халық шоғырланған орындар мен көше бойындағы азаматтарға және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға 2500 дана масканы тегін таратты. Аталған іс-шараға ауданның кәсіпкерлері демеушілік еткен.
Сондай-ақ, қазіргі таңда қала көшелері мен саябақтарға, гүлзарлар мен аллеяларға, көп қабатты тұрғын үйлердің подъездері мен аулаларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.
