Бейсенбі, 02 Сәуір 2020 09:54

Түркістанның мемлекеттік қызметшілері індетпен күреске біркүндік жалақыларын аударады

Қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен апталық мәжіліс өтті, — деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

  Жалпы, жыл басынан бері қоғамдық орынға мас күйінде келу, бүлдіру, ластау, түнгі тыныштықты бұзу, белгіленбеген орында темекі шегу сынды заңбұзушылықтар жиі анықталған.
⠀Қала әкімі дүкен иелерінің келушілерден бетперде тағу және 2 метр ара-қашықтықты сақтау бойынша әлі де насихат жұмыстары дұрыс жасалмағанын айтып, әр ғимаратқа бетпердесіз кіргізбеу керектігін ескертті.
  Ал, ең көп ұрлық, жылдамдығы жиі асырылатын көше, жолақтан кесіп өту көп болатын көшелер тізімі анықталып, нәтижесінде ол жерлерге бейнекамералар орнатылатын болады.
⠀«Бізге темірдей тәртіп қажет! Ең маңыздысы көгілдір отын мен тазалық. Тұрғындардың жайлылығы» деген Рашид Аюпов жағдайы төмен отбасылар үшін асарлатып, көмек көрсетілетінін айтты. Сондай-ақ, тәртіп сақшыларына жасөспірімдер, такси, автотұрақтар бойынша рейдтік шараларды көбейтуді тапсырды.

  Бұған қоса, әкімдік қызметкерлері еліміздегі төтенше жағдайға байланысты бір күндік еңбекақыларын індеттің таралуына қарсы күреске аудармақ.

Оқылды 470 рет