Бейсенбі, 02 Сәуір 2020 11:15

Түркістандық кәсіпкер Арыстағы ірі нысандарға минералды су құрылғыларын тегін орнатты

Түркістан өңірінде «Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда. Акция аясында Арыс қаласындағы ірі нысандар су құрылғыларымен қамтамасыз етілді.

 Түркістан облысы, Арыс қаласында денсаулыққа пайдалы минералды су көзі бары белгілі. Бүгінде Руслан Абдухманов атты азамат осы табиғи байлықты жергілікті халыққа қолжетімді етіп отыр. Сондай-ақ  50 адамды жұмыспен қамтып, жеке кәсібін жүргізіп отыр.

   Кәсіпкер елдегі төтенше жағдайға байланысты, «Біз біргеміз» акциясы аясында Арыс қаласындағы 5 ірі нысанға «ARYS» минералды су құрылғысын тегін орнатып берді.    Елімізде төтенше жағдай кезінде аудан тұрғындарына тамшыдай болса да үлесін қосып жатқан Руслан Абдухмановқа арыстықтар зор алғысын білдірді.

 «Қара бастың ғана қамын күйттемей, артылғанын ауылдасымен бөлісе алатын азаматтарымыз көп болсын. Азаматтығымыз сыналар сәтте, халыққа қол ұшын беріп, елдігіміз бен бірлігімізді көрсететін сәт туды. Ендеше, әлемді шарпыған бұл індетті ауызбіршілікпен еңсеретініміз хақ»,-дейді кәсіпкер.

 

Оқылды 581 рет