Бейсенбі, 02 Сәуір 2020 11:21

Түркістанда дезинфекция жұмыстары күн сайын жүргізіледі

 

  Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Тәжібек Мұсаевтың қатысуымен дезинфекция жұмыстары атқарылды.

 

   Аталмыш жұмысты қалалық ветеринариялық қызметі шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК мамандары орындады. Шараның мақсаты – әлем халқын алаңдатып отырған коронавирус індетінің алдын алу болып табылады. “EURASIA” қонақ үйінің алдынан басталған атаулы жұмыс кесене төңірегіне, арбат маңына, сондай-ақ адамдар көп шоғырланатын жерлерге толықтай жүргізілді.

   Өз кезегінде Тәжібек Қалманұлы тұрғындардың орынсыз алаңдауының керегі жоқ екенін, бұл дерттің өңірде таралмауының алдын алу үшін жасалып жатқан сақтық шаралар екенін тілге тиек етті. Қала жұртшылығы төтенше жағдай режимін қатаң түрде сақтап, әр азамат өз жауапкершілігін сезіне алса, бұл қиын күндер де өтіп кетеді деген ойын да ортаға салды. Сондай-ақ алдағы уақытта рухани шаһардағы адамдар көп шоғырланатын жерлер мен аялдамаларға, базарлар мен әкімшілік ғимараттарына, саябақтарға және автожолдарға да дезинфекция күн сайын жүргізіліп тұратынын айтты.

 

Оқылды 364 рет