Бейсенбі, 02 Сәуір 2020 12:07

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мамандары әлеуметтік желі мен мессенджерлерді 24/7 режимінде бақылауда

Әлеуметтік желілерде "Жетісай қаласында төтенше жағдайға қарамастан той болып жатыр" деген бейнежазба таралған. Қазіргі таңда, аталған жайт бойынша аудандық полицейлер шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәлі азаматтар белгілі болды.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 476-бабы "Төтенше жағдай режимін бұзу" бойынша тіркеліп, тойхананың иесі мен той жасаушы тұрғынға хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданады.
Атап өтейік, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мамандары әлеуметтік желі мен мессенджерлерді 24/7 режимінде мониторинг жүргізуде.
Аталған жайт та қызметкерлер тарапынан дер кезінде қолға алынып, облыстық полиция департаменті арқылы шара көрілді.
Осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан 7 жағдай бойынша Whats app топтарда таратып жүрген заң бұзушылықтар анықталған.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға төтенше жағдай режимін сақтау қажеттігі туралы қатаң ескертеді. Бүкіл әлем мен елдегі жағдайдың маңыздылығын толық түсініп, сақтық шараларын жасауға шақырады.

Оқылды 356 рет