Бейсенбі, 02 Сәуір 2020 12:54

Түркістан: Жетісай ауданында маскалық режим енгізілді

  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген болатын. Осыған орай төтенше жағдайға байланысты құрылған ШТАБтың шешіміне сәйкес Жетісай аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және корновирус індетінің алдын-алу мақсатында Жетісай ауданына маскалық режим енгізілді.

 

  Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осыған орай көшеге шығар кезде жалпы қоғамдық тәртіпті сақтауға, мейілінше кез-келген жерге маскасыз бармауға кеңес береміз. Төтенше жағдай кезінде тәртіпті бұзғаныңыз үшін заң алдында жаупкершілікке тартылып, ҚР-ның Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатыныңызды ескертеміз» делінген баспасөз хатында.

   Сонымен қатар, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап сағат 19:00–06:00 аралығында қала ішінде көлік және адамдардың жүрулеріне шектеу қойылды. Тәртіпке бағынбаған азаматтарға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен хаттама толтырылып, 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың көшелері күнделікті дезинфекцияланатын болады.

Оқылды 468 рет