Елімізде болып жатқан қазіргі жағдай көп нәрсенің атап айтар болсақ, төзімнің, мейірімнің, адамгершілік танытудың, тәртіпке бағынудың, сыналатын кезі. Адам түгілі ұлт таңдамай бара жатқан аты жаман ауру әлемді дүрбелеңге салып қойды. Кейде біз ойлаймыз жақсылық жасау үшін бай болу керек деп. Негізінде олай емес. Осындай қиын кезде өз қара басын ғана ойламай елдің қамын ойлап, барын беріп, бөлісіп , жатқан азаматтарымыз аз емес екенін білесіздер.
Бес саусақтай бірігіп, жұдырықтай жұмылған жігіттер аз қаматылған отбасылардың тізімін алып, оларға көмек қолдарын созды. Қосымша айта кететін болсақ, 6 жанұяға қабымен пияз, картоп, сияқты күнделікті тұтынатын қажетті азық-түліктер берілді. Жақсылық жасау үшін тек ниетің дұрыс болу керектігін тағыда бір дәлелдеген жігіттерге алғыс айтамыз.
Елімізде болып жатқан жағдай кезінде Жетісайлып, атап айтқанда Асық ата автобекетінен қалаға қатынайтын такси жүргізушілері себепсіз жақсылық жасаудың жарқын үлгісін көрсетті,-деп хабарлайды Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі