Үміткүл Балғабайқызы 200 ден астам бетперде тігіп, еріктілермен бірге аудан тұрғындарына таратты. Үміткүл ана жақсылық жасап, қайырымдылық көрсетуді өзінің азаматтық борышы деп біледі.
Сайрам ауданы , Қарасу ауылының іскер әйелдері тарапы да белсенділік танытты. Қамқоршысы мен сүйнері жоқ, көп балалы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қажет азық-түлік және киім-кешек таратты.
«Біз біргеміз» акциясы Сайрам ауданына қарасты Ақсукент және Қарасу ауылдық округтерінде жалғасын тапты. Елбасы, "Nur Nur Otan" Партиясы Төрағасының бастамасымен коронавируске қарсы күресу мақсатында бастау алған акция барысында әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік және себетін мен гигиеналық заттар жеткізілді.Сонымен қатар отбасы мүшелеріне медициналық маскалар мен тазалыққа қажетті заттарды жеткізіп берді.
