Бейсенбі, 02 Сәуір 2020 14:58

Түркістан: Қазығұрттық аналардың елге деген қамқорлығы көпке үлгі

Жер жаһанды жайлаған коронавирус COVID-19 пандемиясы дүйім жұртты әбігерге салып, халық емін-еркін жүруден қалып отыр. Осындай қиындық туындаған сәтте Жігерген ауыл округіне қарасты Әжелер алқасының мүшелері Баян Рымбекқызы бастаған бір топ аналарымыз қол қуыстырып қарап отырмай, медициналық бет перделер тігіп таратуда.

 

   Аналарымыздың бұл игі істеріне куә болған еріктілер тобыда өз үлестерін қосып, ауылдық жерлердегі жалғыз ілікті қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға тегін бетперделер таратып, қайырымдылық істерін жалғастыруда.

«Құрметті ауылдастар, отандастар! Осындай қиын қыстау сәтте бір-бірімізге қолдау білдіріп, демеу көрсетсек, барлық қиындықты жеңеміз»,-дейді ақ жаулықты әже.

Қазығұрт ауданы Ардагерлер кеңесі жанынан құралған Әжелер алқасы да медициналық бетперделерді үйлерінде тоқып, орталықтағы қарт кісілерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызілікті қарттарға және әлеуметтік әлсіз топтағы отбасыларға таратуда. Әжелер тобы мың дана тоқуды жоспарлап отыр. Алдымен аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелеріне таратты..

Оқылды 582 рет