Бейсенбі, 02 Сәуір 2020 15:30

Түркістан: Түлкібас ауданында ерікті азаматтар 62 мыңнан астам бетперде тігіп, таратты

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 62 мыңнан астам медициналық бетперде тігіліп, халыққа тегін таратылды. Түлкібас ауданында медициналық бет перденің тапшылығын жоюға байланысты аудан әкімдігі тарапынан нақты шаралар қабылданып, нәтижелі жұмыстар атқарылды, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Нақты айтар болсақ, Түлкібас аудан әкімдігі ерікті тұрғындар мен кәсіпкерлерді және білім ұяларындағы еңбек пәнінің мұғалімдеріне қажетті құрал саймандарын алып беру арқылы бет перделерді тігуді қолға алған болатын. Сол жұмыстың нәтижесін аудан тұрғындары көруде. Бүгінде 112 мыңнан астам халқы бар ауданның 15 ауылдық округінің халық санына қарай 62 мыңнан астам медициналық бет перде тегін таратылуда.

Дайындалған бетперделер ауыл тұрғындарына, мектеп қызметкерлері мен оқушыларға және дәріханаларға тегін таратылды. Тарату жұмысына әкімдік қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырылды.Осылайша бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарған түлкібастықтар бірліктің арқасында бетперде тапшылығын шешіп отыр.

 

Оқылды 604 рет