Аудан әкімі, алдымен, Темірлан елді мекеніне ат басын бұрды. Темірлан елді мекенінде орналасқан «Нұр» азық-түлік дүкенінің иесі Бағлан Ысқақовтың айтуынша, дүкенде халық тұтынатын тауарлар қоры жеткілікті, бағасы да қолжетімді. Тұрғындардың сұранысына орай ұн, май, және шекер және басқа да азық-түлік түрлері күн сайын дүкенге түсіп тұрады екен.
Сонымен қатар, аудан басшысы Әліпбек Өсербаев көше, ғимараттардың тазалығына жіті көңіл бөліп, дезинфекциялау жұмыстарын тексерді. Сақтық шараларын қатаң сақтауға тапсырма берді.
Айта кету керек, бүгіге дейін аудан әкімі аппараты тарапынан 10 ауыл округіне дезинфекциялық жұмыстар толыққанды жүргізілді. Аудан бойынша 5 бағытта блокбекеттер орнатылды. Әр блокбекетте учаскелік полиция, ауыл округі әкімдігінің әлеуметтік қызметкері, орталық, ауылдық аурухана дәрігерлері сырттан келген азаматтарды толық тексеруден өткізуде.
