Бейсенбі, 02 Сәуір 2020 16:14

Түркістан: Ордабасыда блок бекеттердің жұмысы күшейтілді

Ордабасы ауданы бойынша елімізде орын алып жатқан төтенше жағдайға байланысты, яғни covid19 короновирус індетін алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында тәулік бойы жұмыс істейтін блок бекеттер орнатылды.

 Оның біріншісі — «Ауыл» ресторанының жанындағы Шымкент-Самара автожолының бойында, екіншісі — «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» дәлізінің Қажымұқан ауылының тұсынан өтетін көпір маңында, үшіншісі — Бадам ауыл округіндегі Ақбұлақ елдімекенінің маңында орналасқан. Үш блок бетте де ауданның жергілікті полиция және денсаулық сақтау мамандары күні-түні қызметте тұр. Олар басқа қаладан келген өткінші әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғыларымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, қатаң тексеріп өткізуде. Әрі әлеуметтік қызметкерлері қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және санитарлық тазалық бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізуде.

Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімеінше, барлық блок бекеттерінде аудан әкімдік тарапынан үш мезгіл ыстық тамақпен, медициналық бетперде, қолғап, тепловизор, демалатын орын және әжетханамен толықтай қамтылып отыр.

 

Оқылды 567 рет