Бейсенбі, 02 Сәуір 2020 17:16

Түркістан: Өңірдегі тауар бағасына мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының көтерілуін болдырмау және оның алдын-алу шараларын қабылдау мақсатында өңірде арнайы мобильді топ құрылған болатын.

 

   Осыған орай,  «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аталған мобильді топ мүшелерімен мониторинг жұмысын жүргізді. Мобильді топтың құрамында  «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мамандары мен арнайы мониторингтік топ мүшелері бар. БАрлық аталған сала мамандары  «Қуаныш» және «Алтын бұлақ» базарлары мен «Шапағат», «Рахмет» дүкендерін аралап, азық-түлік бағасын бақылау бойынша кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді.

   Мониторинг жұмыстары барысында аталған сауда орындарының басшылығына елімізде енгізілген төтенше жағдайға орай, тұрғындарға қажетті күнделікті азық-түлік пен өзге де қажетті тауарлар бағасын негізсіз өсірмеу керектігі назарда екені айтылып, бірқатар ұсыныстар берілді.

«Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі  және арнайы мобильді топ мүшелері аталмыш іс-шара алдағы уақытта өз жалғасын табатынын айтты.

 

Оқылды 575 рет